Ахмед ибн Сулайм: Қытай бірқатар өндірісті Қазақстанға көшіруді жоспарлауда

Фотография - Ахмед ибн Сулайм: Қытай бірқатар өндірісті Қазақстанға көшіруді жоспарлауда

Бұл Еуропаға транзиттік тасымалдау құнын азайтуға мүмкіндік береді

1095 0

Қытай үкіметі бірнеше өндірісті Қазақстанға немесе ел шегарасына жақын көшіру мәелесін қарастырып жатыр. Бұл туралы АЭФ барысында әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі DP World Директорлар кеңесінің төрағасы мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

Сұлтан Ахмед ибн Сулайм, уақытты айтарлықтай үнемдегенімен, темір жол тасымалы теңіз тасымалынан әлде қайда арзан түсетіндігін айтып өтті.

"Сондықтан болашақта Қытай өз өндірістерін Еуропаға жақын, Қазақстан жағына қарай көшіруі мүмкін. Мен солай болады деп те үміттенемін. Қазір Қазақстан өз жағынан Қорғас портын көліктік мүмкіндіктердің артықшылықтарын пайдалану үшін логистикалық парк түрінде дамытып жатыр", –  дейді ибн Сулайм.

Оператор-компания басшысы Қытай үкіметі өндірістік шығынды азайтуды қарастырып жатқанын айтты. Ал өндірістерді Қазақстанға жақын немесе ел ішіне көшіру Еуропаға тауар жеткізуді 12-13 күнге қысқартатындығын айтады.

Естеріңізге салсақ, сессия барысында ҚТЖ басшысы Асқар Мамин соңғы бес жылда ұлттық компания Қытайдан Еуропаға контейнерлік тасымалды 100 есеге артқанын айтқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!