Қазақстанда 1,5 трлн теңгенің мүлкі заңдастырылған

Фотография - Қазақстанда 1,5 трлн теңгенің мүлкі заңдастырылған

Оның 11 миллиарды еліміздің шығыс өңіріне тиесілі.

430 0

 Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап 24 kz хабарлайды.

 Мұнда өңір тұрғындары тек тұрғын үй ғимараттарын ғана емес, әлеуметтік нысандарды да заңдастырып алып жатыр. Осының арқасында Зайсан ауданында бір балабақша жұмысын бастады. Шемонаиха қаласында мәдени-сауықтыру орталығы ашылса, Жармада жеке медициналық клиника жұмыс істеп тұр. Ал Зырянда кәсіби-техникалық мектепті пайдалануға берген. Облыста жаңа қонақ үйлер пайда болып, көкөніс сақтайтын қоймалар да іске қосылды. Қазір осының арқасында өңірде 392 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал бюджетке мүлік пен жер салығы ретінде 9 млн теңгеден астам қаражат түсіпті.

Бауыржан Қамбаров, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы: Бүгінге дейін жалпы облыс бойынша 2676 өтініш келіп түсті. Айтарлықтай қиындықтар туындап отырған жоқ. Мұнда құжаттарын толық жинақтап әкелмегендердің өтініштері қабылданбайды. Ал егер олар екінші мәрте келгенде қажетті құжаттарды алып келсе, өтініш міндетті түрде қабылданады. Және ол 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органдармен қаралады.
 




    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!