2016 жылы Ақтөбе облысына 350 млрд теңге инвестиция тартылады

Фотография - 2016 жылы Ақтөбе облысына 350 млрд теңге инвестиция тартылады

Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының мүшелеріне қосымша өсім резервтерін табу жөнінде тапсырма берді

255 0

Инвестиция көлемін арттыруға бағытталған шаралар туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте сөз болды.

Облыста инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Орталық органдардың көмегін қажет ететін жаңа ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолға алынуда. Олардың қатарында жалпы құны 80 млн АҚШ доллары болатын Қарғалы ауданында брикеттелген көмір өндірісі, Хромтау ауданында қуаттылығы 100 МВт жел электростанциясының құрылысы, Қарғалы ауданының Бадамша ауылында "Өлке" подстанциясында қуаттылығы 200 Мвт болатын күн электрстанциясы, Мұғалдар ауданында 200 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыт, газды сұйық отынға ұқсататын кешендер бар.

Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының мүшелеріне қосымша өсім резервтерін табу жөнінде тапсырма берді.

Бірқатар ірі жобалар индустриальды аумақта орналасатын болады. "TalanTechnology" ЖШС жоғары сапалы қауіпсіз қабаттар (покрытия) шығаруды көздейді, "Ақтөбе TOPSA Пласт" 3 мың тонна антифриз, түрлі еріткіштер мен химиялық реагенттер шығаруды жоспарлап отыр. "FIBCKazakhstan" полиэтилен мен полипропиленнен қораптар әзірлемек. Әрбір өндіріс орнына 2 гектар жерден қажет.

Аймақта шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары бәсеңдеп қалған, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 58,2 мың бірлік болса, олардың 50,2 мың бірлігі жұмыс істеп тұр. Жергілікті билік олардың қатарын арттыру үшін шаралар қолға алып келеді. Қосымша өсім резервтерін табу есебінен 2016 жылы жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері санын 51,5 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Осы мәселені шешуге "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы көмекке келуі керек, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 2016 жылы республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қарастырылып отыр. Осы қаражаттың ауқымды бөлігі пайыздық ставка мен жеткіліксіз инфрақұрылымды субсидиялауға бағытталады. Жалпы алғанда, "БЖК-2020" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 875 кәсіпкерлік нысаны 15,3 млрд.тг. көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде, 6 жылда облыста 15,1 мың жұмыс орны пайда болды, 5,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды, 35,5 млрд.теңге көлемінде салық төленді.

- Біздің көрсеткіштеріміз өткен жылғы деңгейден төмен болмау керек, ол үшін инвестицияны 2 есеге арттырып, аудандар мен облыс орталығында орналасқан шағын және орта бизнесті дамытуға назар аударуымыз қажет. Шағын фермалар ашу, қоян, ешкі, бөдене өсіру, бал дайындау бойынша жұмыстарды күшейтуіміз керек. Өз ісін ашқысы келетіндер көп, біз оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек, - деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!