Былтыр 16 млрд теңге игерілмеген

Фотография - Былтыр 16 млрд теңге игерілмеген

Бұл мәселе осы уақытқа дейін Мәжілістің жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында белсенді талқыланған.

249 0

Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің жетекшісі Гүлжан Қарақұсованың төрағалығымен 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты Үкіметтің және Есеп комитетенің есептерін қарауға арналған кеңейтілген отырыс өтті, - деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл мәселе осы уақытқа дейін Мәжілістің жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында белсенді талқыланған.

Нәтижесінде кірістердің атқарылуына, оларды әкімшілендіруге, көлеңкелі экономикаға, шығыстардың тиімділігі, резервтің, трансферттердің пайдаланылуы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борышқа қатысты 200-ден астам сұрақ назарға алынған.

Осының барлығын ескере отырып, бүгінгі отырыста еліміздің Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов пен Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин қорытынды баяндама жасады. Бұл жолы да депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар аз болған жоқ. Мәселен, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Нұртай Сабильянов мемлекеттік қаржының тиімді пайдаланылмауын, көптеген әлеуметтік маңызы бар нысандар құрлысының дер уақытында аяқталмауын, мемлекет қоржынын толтыруға тиіс салықтық түсімдерге байланысты кемшіліктер орын алып отырғанын сынға алды. Ал, депутат Анар Жаилғанова Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария саласы бойынша жолдаған депутаттық сауалына әлі күнге дейін жауап ала алмай отырғанын алға тартса, депутат Омархан Өксікбаев осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруға байланысты ұсыныстарын алға тартты.

Аталған комитеттің мүшесі, заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Қожахан Жабағиев өз баяндамасында бюджеттің атқарылуы 99,8 % пайызды құрап, соңғы жылдармен салыстырғанда бюджет қаражатын игеруде жоғары көрсеткішке қол жеткізілгендігін, мұндай көрсеткішке жетуде өткен жылдың 28 қарашасында республикалық бюджетінің қайта нақтылануы айтарлықтай рөл атқарғандығын айтты.

Дегенмен, жылдың қорытындысымен бюджетте шамамен 16 миллиард теңге игерілмей қалған. Демек, бюджеттің атқарылуы пайыздық өлшеммен жоғары болғанымен, Үкімет бюджетті сапалы орындауды қамтамасыз ете алмаған. Осы бағыттағы кемшіліктерді атап көрсеткен Мәжіліс депутаты алдағы уақытта Үкімет пен есеп комитеті республикалық бюджеттің 2015 жылға атқарылуы бойынша есепті талқылау барысында депутаттармен айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескерулері керектігін айтып, аталған құзырлы органдардың 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болатындығын жеткізді.

Кеңейтілген отырыс жұмысына Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, салалық министрліктер, сондай-ақ, бірқатар Ұлттық қорлар өкілдері қатысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!