Сауд Арабиясы АҚШ үшін қара алтын құнын қымбаттатты

Фотография - Сауд Арабиясы АҚШ үшін қара алтын құнын қымбаттатты

Сарапшылар Сауд Арабиясының мұндай шешім қабылдауына Иран мен Еуропа арасындағы сауданың қайта жандана бастауы себеп болғанын айтады.

268 0

Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы еуропалық тұтынушылары үшін қара алтын құнын 35 центке арзандатты. Есесіне АҚШ-қа сататын мұнайды 10 центке қымбаттатқан. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Сарапшылар Сауд Арабиясының мұндай шешім қабылдауына Иран мен Еуропа арасындағы сауданың қайта жандана бастауы себеп болғанын айтады. Бүгінде бұл ел кәрі құрлық елдер нарығына тәулігіне 800 мың баррель мұнай экспорттайды. Ал Иран 400 мың баррель ғана саудалайды. Бірақ алдағы уақытта Иран басшылығы сауда көлемін 700 мың баррельге дейін көтеруді көздеп отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!