Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне ет экспорттай бастады

Фотография - Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне ет экспорттай бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасынан бірінші болып Біріккен Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады.

271 0

Таяуда Шымкент халықаралық әуежайынан 1 мың бас уақ мал Фуджейра (БАӘ) қаласына жеткізілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жұмыстардың экспорттаушысы "Қайып ата" компаниясы болып табылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызмет.

Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірлігіне етті экспорттау бойынша келіссөздер 5 айдан астам уақыт ішінде жүргізілді.

Келісімшарт аясында осы жылдың тамыз айына дейін жергілікті кәсіпкерлер БАӘ-ге 60 мың бас уақ мал жеткізетін болады.

Сонымен қатар, осы бағыттағы келіссөздер Сауд Арабиясы, Иран және Ирак мемлекеттерімен жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,5 мың тонна етті экспортқа жөнелту жоспарланған.
Ет экс¬портын да¬мыту облыстың мал шаруашылығы саласына жаңа серпіліс беріп, ауылдың кәсібі мен нәсібін көбейтетіні анық. Бұл бағыттағы жүйелі мәселелерді шешу мақсатында уақ мал мен ірі қара мал өсіру бойынша арнайы кооперация құрылатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!