Ұлттық банк қорды толтыру үшін долларды сатып алуын жалғастыруда

Фотография - Ұлттық банк қорды толтыру үшін долларды сатып алуын жалғастыруда

Теңге бағамының нығаюы ағымдағы жылдың 5 айында 1,2%-ды құрады.

208 0

Ақпан-сәуірде халық 763,3 млн. АҚШ долларын сатты.

Теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуларына жол бермеу және алтын-валюта резервтерін толықтыру үшін Ұлттық Банк шетел валютасын сатып алуды жалғастыруда деп мәлімдеді ҚР Парламенті сенатының жалпы отырысы барысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

"Теңге бағамының нығаюы ағымдағы жылдың 5 айында 1,2%-ды құрады. АҚШ доллары ұсынысының оған сұраныстан асып кетуі сақталып отыр. Теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуларына жол бермеу және алтын-валюта резервтерін толықтыру үшін Ұлттық Банк шетел валютасын сатып алуды жалғастыруда", – деді Ахметов өз баяндамасында.

Қаржы реттеушісі басшысының орынбасары қолма-қол шетел валютасы нарығында халық тарапынан қолма-қол АҚШ долларын айырбастау пункттері арқылы белсенді сату үрдісі жалғасып жатқандығын хабарлады. Оның мәліметінше, ақпан-сәуірде халық 763,3 млн. АҚШ долларын сатты. 

Ахметовтің пікірінше, бұл теңгедегі құралдар бойынша барынша тартымды мөлшерлемелерге, сондай-ақ девальвациялық күтулердің төмендеуіне байланысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!