Alibaba негізін құпушы өз бизнесін өміріндегі ең үлкен қателік деп есептейді

Фотография - Alibaba негізін құпушы өз бизнесін өміріндегі ең үлкен қателік деп есептейді

Alibaba – Қытайдағы ірі интернет-компания

285 0

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы қабырғасында қытайлық «Alibaba» ірі интернет компаниясының негізін салушы Джек Ма "Alibaba"-ны құруы - өміріндегі ең үлкен қателігі санайды.

"Мен оны құрған кезде шағын бизнес болады деп ойладым. Қазір енді президент секілді, бір күн тынным таппаймын",– деді ол.

"Келесі өмірімде – егер келесі рет өмірге келетін болсам – қазіргідей бизнес түрімен шұғылданбаймын. Өз шаруаларымды атқарып, рахат өмір сүретін боламын", – деп атады Ма.

Сондай-ақ, ол мәңгі-бақи "Alibaba"-ны басқарып отыра бермейтінін жеткізді. Осы қызметінен кеткен соң қоршаған ортаны қорғаумен айналысатынын айтып қалды.

Alibaba – Қытайдағы ірі интернет-компания. Оның негізін 1999 жылы Джек Ма құрған. Компания электрондық коммерция саласында жұмыс істейді. Компания көлемі жағынан «Yahoo», «Amazon», «eBay», «AOL» секілді индустрия алыптарымен бір қатарда тұр.


islam.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!