"Музарт" тобы Ақтөбеде қайырымдылық концертін берді

Фотография - "Музарт" тобы Ақтөбеде қайырымдылық концертін берді

Сәкен Майғазиев шараны ұйымдастыруға ықпал еткен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғыс білдірді

458 0

Екі сағаттық концерт ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Сахнаға шыққан "Музарт" тобының әншілері Ақтөбе тұрғындарына қолдау білдіріп, көңіл айтты.

"Ақтөбеде болған оқиғаларға бей-жай қарап отыру мүмкін емес. Біз сіздерге қолдау көрсетіп, жұбату үшін келдік. Қазақстандықтарды бейбітшілікті бағалауға шақырамыз, әрдайым аспанымыз ашық болсын. Татулық пен мейірімге үндейтін дінді қаралап, қоғамға залалын келтіріп жатқандардың әрекетін ақтауға келмейді. Барлығымыз бірлесіп, осы зұлымдықпен күресуіміз қажет", - деді Сәкен Майғазиев.

Әнші шараны ұйымдастыруға ықпал еткен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғыс білдірді, деп мәлім етті "Ақтөбе-ақпарат".

Өз кезегінде, облыс басшысы өнер иелеріне қолдау көрсетіп, азаматтық ұстанымдарын білдіргендері үшін алғысын жеткізді. 

"Осындай игі бастама көтергендеріңізге ақтөбеліктердің атынан рахметімді айтамын, өз жоспарларыңызды өзгертіп, отандастарымызға қолдау білдіріп отырсыздар. Бүгін сіздер өздеріңіздің халыққа жақын нағыз өнер адамдары екендеріңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер", - деді облыс әкімі.

Қазақстандық танымал өнер ұжымының концерті екі сағатқа ұласты. Осы уақыт аралығында жиырмадан астам ән шырқалды. Тыңдармандар да қосылып ән салды. Саябақ алаңына бес мыңнан астам адам жиналды.

Айта кетейік, "Музарт" тобының әншілері лаңкестік әрекеттерден кейін Ақтөбе тұрғындарына моральдық қолдау көрсетіп, ауқымды шара ұйымдастырып отырған алғашқы өнер ұжымы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!