Мемлекеттік бюджеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр - депутат

Фотография - Мемлекеттік бюджеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр - депутат

2015 жылы осы бағдарлама бойынша 48 кәсіпорындарға 15,8 млрд.теңге субсидия берілген.

472 0

"Дағдарыстан кейін қалпына келтіру" бағдарламасының басты мақсаты - бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындарды сауықтыру болатын. Алайда, бұл бағдарламаға қатысушы  55 компанияның 32-і нақты, сапалы өнім шығарудың орнына көтерме-бөлшек саудасымен, жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысып келген. Бұл туралы ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов мәлімдеді.

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында республикалық бюджеттен "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру» бағдарламасын қаржыландыруға 58 млрд.теңге бөлінген. Депутат Нұртай Сабильянов аталған бағдарламаға талдау жасай келе, бұл жобадан бюджетке түсетін салықтың көбеймегенін және осы кәсіпорындар   қосымша жұмыс орындарын ашпағанын анықтаған.

"2015 жылы осы бағдарлама бойынша 48 кәсіпорындарға 15,8 млрд.теңге субсидия берілген. Бағдарламаға қатысушылармен бюджетке төленген жалпы салық  – 15,5 млрд.теңге, оның ішінде корпоративтік  табыс салығы – 2,3 млрд.теңге, жеке табыс салығы – 1,7 млрд.теңге. 2016 жылы бұл бағдарламаға қатысушы  50 жуық  кәсіпорынға субсидия беру үшін бюджетте 9,5 млрд.теңге қарастырылған, яғни бұның көпшілігін өндіріспен айналыспайтын кәсіпкерлер алады деген сөз", - дейді депутат Н.Сабильянов.

Осы Бағдарламаның жүзеге асырылуына байланысты мәліметтерге сүйене отырып бюджет қаражатының негізгі бөлігінің тиімсіз пайдаланылды деп есептейді депутат. 

Bnews.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!