Алматы облысынан "Алтын сапа" конкурсына қатысуға 15 компания өтініш білдірді

Фотография - Алматы облысынан "Алтын сапа" конкурсына қатысуға 15 компания өтініш білдірді

None

280 0

Алматы облысының тауар өндірушілері Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесіне қатыса алады. Қазіргі таңда 15 компания байқауға қатысуға өтініш білдірді, деп хабарлайды Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы жыл сайын конкурстық негізде ұйымдардың өнімдер және (немесе) қызметтер сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізгені үшін беріледі. 2015 жылдан бері "Алтын сапа" сыйлығы конкурсының және "Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесінің ұйымдастырушысы міндетін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы өңірлік палаталар атқаруда.

"Алтын сапа" сыйлығы "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" аталымдары бойынша жыл сайын табысталады. "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс-көрмесінің басты мақсаты - отандық кәсіпорындар мен ұйымдар өнімдерінің сапасын арттырып, оның қызметін өзектендіру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жағдай жасау, сонымен қатар, сапа идеяларын көпшілікке тарату. Өткен жылы Астана қаласында "Үздік өндірістік тауар" аталымында облысымыздың атынан "Рыбпром" ЖШС марапатталды. Ал "Байсерке Агро" ЖШС "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атанды.

Сондай-ақ, байқауға қатысу ережелері, қатысу мен бағалау әдістемесі бойынша Кәсіпкерлер палатасында оқу семинары өткізіліп, биыл оған жергілікті 27 компания қатысты. Айта кету керек, байқауларға қатысу өтнішітері осы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Кейін сарапшылар тобы облыстық кезең қатысушыларын анықтайды. 2015 жылы аймақтық кезеңге Алматы облысының 32 кәсіпорны қатысқан болатын.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелр бойынша орынбасары Әсет Шаяхметовтың айтуынша, байқау өңірдің ең үздік өндіріс орындарын анықтайды. "Байқау критерийлері кәсіпорындардың мықты тұстары мен алдағы уақытта дамыту қажет бағыттарын анықтайды. Сондай-ақ қатысушыс атанудың өзі өндірістің дамуына серпін береді, тауар өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Бұл мәселе қазақстандық бизнес үшін ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында аса маңызды", - деп атап өтті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!