"Қазақтелеком" компанияның жаңа Даму стратегиясын таныстырды

Фотография - "Қазақтелеком" компанияның жаңа Даму стратегиясын таныстырды

Компания АКТ-қызмет үлесін 50 пайызға, мобильді байланыс үлесін 33 пайызға, ақылы телевидение нарығында 44 пайызға дейін арттырмақ.

336 0

Астанада "Қазақтелеком": инновациялар стратегиясы" форумы өтті. Форум барысында компания мен бизнесті дамытудың жаңа стратегиясы таныстырылды, деп жазады Today.kz. Форумды ҚР ақпарат және коммуникация министрі Даурен Абаев ашты.

Форум барысында "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлерін "Үздік байланысшы" салалық сыйлығымен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Байланыс саласындағы үздік марапатты 32 қызметкерге министрдің өзі табыстады.

Сонымен қатар екі жыл бұрын басталған кең ауқымды трансформацияның қорытындысы шығарылды, "Қазақтелеком" белсенді игеріліп жатқан және қысқа мерзімде ендірілетін даму векторлары, болашақ технологиялары мен инновациялық шешімдер белгіленді.

2025 жылға компания нарықтағы АКТ-қызмет үлесін 50 пайызға, мобильді байланыс үлесін 33 пайызға, ақылы телевидение нарығында 44 пайызға дейін жеткізуді, сонымен бірге, бекітілген телефония сигменті мен Ғаламторға кең жолақты қолжетімділікте жетекші орында қалуды көздеп отыр.Мұнымен бірге, компанияның акционерлік құны екі есе арттырылады деп жоспарлануда.

Компания қысқа мерзімде бизнестің бірнеше түрін қолға алмақ, олар: қаржылық қызметті дамыту, электронды коммерция, экономиканы санды форматқа көшіру (М2М саласы), коммерциализация Big Data, e-learning қызметін дамыту. Компания қаржы қызметі саласында электронды төлем бағытында жұмыс атқаруда және электронды коммерция саласында тұтынушыларға өз қызметін ұсынбақ. Сонымен бірге М2М технологиясы арқылы экономиканы сандық форматқа көшіруді бастайды – оператор бұл нарықты қолда бар көліктік сала, ірі абоненттік база мен тұтынушылық құрылғылар есебінен дамытпақ. Өнеркәсіп, "ақылды қалалар", денсаулық сақтау, жекелей сегмент, жұмыс алаңдары, логистика, көлік құралдары, "ақылды үйлер" мен офистер сияқты салаларда шешім ұсыну жоспарлануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!