Алматы облысының кәсіпкерлеріне жеңіл несие берілуде

Фотография - Алматы облысының кәсіпкерлеріне жеңіл несие берілуде

Мақұлданған өтінімдердің көпшілігі қызылша өсіретін шаруа қожалықтарына тиесілі.

258 0

Алматы облысында микронесиелеудің жаңа бағдарламасы қарқынды жұмыс істеуде. Несие комитетінің кезекті мәжілісінде 193 млн 200 мың теңге сомасындағы 57 өтінім мақұлданды. Ақсу, Алакөл, Қаратал, Көксу, Сарқант, Ескелді, Кербұлақ, Жамбыл, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы кәсіпкерлерінің жобалары қаралды. Несие комитетінің хатшысы, Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың сөзіне қарағанда, мақұлданған өтінімдердің көпшілігі қызылша өсіретін шаруа қожалықтарына тиесілі, деп хабарлайды Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

"Қант қызылшасын өсіретін кәсіпкерлермен бірге мал шаруашылығын дамыту,  қолданбалы сән өнері өндірісі, пияз өсіретін, қонақ үй кешенін қайта құру жөніндегі жобалар да мақұлданғанын атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта хаттамалар Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау  қорына берілді, жуырда кәсіпкерлер несие алады деп ойлаймыз", – дейді  Е.Датқаев. 

Несие алған борышкерлер арасында Ескелді, Кербұлақ, Ақсу, Балқаш аудандарының  қызылша өсірушілері бар.

Еске салайық, Несие комитеті сомасы 303 млн теңге болатын 84 өтінімді мақұлдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!