2016 жылғы қаңтар-маусымда инфляция деңгейі 4,6% құрады

Фотография - 2016 жылғы қаңтар-маусымда  инфляция деңгейі 4,6% құрады

Азық-түлік тауарларының бағасы алты айда 5 пайызға өсті.

646 0

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2016 жылғы маусым 2015 жылғы желтоқсанға) 5%, азық-түлік емес тауарларына – 4,7%, ақылы қызметтерге – 4,1%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Тауарлар мен қызметтер

0,4

4,6

17,3

52,2

15,9

Азық-түлік тауарлары

0,7

5,0

14,9

49,4

13,0

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

4,7

27,5

55,7

26,3

Ақылы қызметтер

0,1

4,1

10,3

51,7

9,5

Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы маусым 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 34,9%, жармаларға – 24,4%, қара шайға – 18%, қантқа – 13,6%, нанға – 11,6%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 9,3%, жаңа жиналған жемістерге – 8,9%, кондитерлік өнімдерге – 8,8%, салқындатылған сусындарға – 8,6%, макарон өнімдеріне – 8,2%, күнбағыс майына – 8,1%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 7,6%, жеміс және көкөніс шырындарына – 6,8%, мәйекті ірімшікке – 5,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 5,3%, құс етіне – 4,5%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 15,8%, шикі сүтке – 6,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 6%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 12,9%, тұрмыстық аспаптарға – 7,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7,2%, жеке қолданатын тауарларға – 7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,8%, тоқыма бұйымдарына – 5,6%, автомобильдерге – 5,4%, киім және аяқ киімге – 4,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,9% құрады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,3%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 6,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 3,6%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 3,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,3%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 14,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 12,8%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 6,2%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 19,8%, қоқыс шығаруға – 11,8%, суық суға – 8%, орталықтан жылытуға – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,8%, ыстық суға – 4,3%-ға өсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!