"Даму" Қоры мен Алматы әкімшілігі KassaNova және Астана банкіне 3 млрд бөлді

Фотография - "Даму" Қоры мен Алматы әкімшілігі KassaNova және Астана банкіне 3 млрд бөлді

Сурет: еркін мәлімет көзінен

Қаражат "Даму Блиц" технологиясын жалғастыру үшін берілді.

237 0

"Даму" Қоры мен Алматы қалалық әкімшілігі паритетті негізде 2 млрд теңгені "Астана банкі" АҚ-на және 1 млрд теңгені "Банк KassaNova" АҚ-на бөлді. Қаражат "Даму Блиц" технологиясын жалғастыру үшін берілді.

Бизнес үшін жылына 7% бөлінген несие негізгі құралдарды жаңартып, жаңасын сатып алу үшін 84 айға дейін, айналымдағы қаражатты толтыру үшін 36 айға дейін теңгемен беріледі. Бір несие алушының қолына 180 млн теңгеге дейінгі сома бұйырады. Өтінім қарау уақыты орта есеппен 7 күнді құрайды.

"Жыл басынан бері "Банк KassaNova" АҚ, "Альфа Банк" АҚ және "Астана Банкі" АҚ арқылы Алматы мен Алматы облысында жүргізілген қанатқақты жобаның нәтижесі жақсы болды. Осы уақыт аралығында құны 780,5 млн теңгенің 58 жобасы мақұлданды. Өтінімді қарау уақыты орта есеппен 7 күнді құрады. Біз "Даму Блиц" технологиясы бойынша бизнеске бөлінетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін екі есеге дейін төмендеттік. Қазір ол жылына 7% құрайды. Бұл Алматы қалалық әкімшілігі тарапынан қосымша қаржыландыру болғанының арқасы. Сауда, қоғамдық тамақтандыру орны, қызмет көрсету саласымен қоса біз жеңіл өнеркәсіп, фармация, балаларға арналған дамыту орталықтары, хостелдер мен шағын қонақ үйлер саласын қолдауды да енгіздік. Бұл технология бойынша старт ап жоба иелері де қатыса алады",-деді "Даму" Қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

Анықтама үшін: "Даму Блиц" технологиясы 2016 жылы қанатқақты жоба ретінде Алматы мен Алматы облысында екінші деңгейлі "Астана Банкі" АҚ, "Банк KassaNova" АҚ, "Альфа Банк" АҚ банктерінде енгізілген болатын. Бұл - жылдам несиелеудің жаңа технологиясы. Негізінен жеңіл рәсімдеп, 3-7 күн ішінде жедел несие беруді көздейді. Қанатқақты жобада үш бағыт іске қосылған. Олар: 3 млн теңгеге дейінгі, 30 млн теңгеге дейінгі және негізінен старт ап жоба иелері үшін 20 млн теңгелік несие. Барлық бағыт бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі алғашында 14% құраған болатын. Банктерде осы технологиямен жұмыс істейтін барлық менеджерлер консалтинг компаниясында оқытылды. "Даму" Қоры осындай жедел несиелеу тәжірибесін жыл соңына дейін басқа өңірлерге де енгізбекші. Астана мен Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін 60 млн теңгеге дейінгі микро кредит қолайды. Ал басқа өңірлер үшін 30 млн теңгелік несие қарастырылған. Қарыз 84 айға дейін беріледі. Сонымен қатар, инвестицияға 60 айға дейін, айналымдағы қаражатты толтыруға 36 айға дейін берілетін 20 млн теңгелік микро старт несие де бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!