Астана ТМД елдері астанасы рейтингінде баспана қолжетімділігінен топ бестікте

Фотография - Астана ТМД елдері астанасы рейтингінде баспана қолжетімділігінен топ бестікте

Қазақстан астанасы 15 ел арасында төртінші орынға орналасқан.

871 0

Астана бұрыңғы кеңес елдері арасындағы баспанаға қолжетімділік жағынан топ-5 кірді. Homsters.kz сарапшылары ТМД елдеріндегі жылжымайтын мүлік пен тұрғындардың кіріс деңгейін зерттеді. Компания мәліметінше, Астана тұрғынына бір метр баспанаға қол жеткізу үшін екі ай жұмыс істеу керек екен, деп хабарлайды Today.kz.

"Әрине, 2015 жылғы девальвациядан кейін Астанада және жалпы Қазақстан бойынша баспанаға баға айтарлықтай түсті. Бұл да есеп нәтижелеріне және рейтингтегі көрсеткішке әсер етті", – дейді Homsters.kz компаниясының қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникова.

Рейтинг көрсеткеіштерін құрайтын кезде сарапшылар баспананың бір квадрат метрі мен қала тұрғынының орташа айлығын негізге алып отырды.

Нәтижесінде "Ең қол жетімді баспана" Латвия астанасында. Ригада бір квадрат метрге қол жеткізу үшін 667 еуро "таза" табыспен бір айдан сәл артық жұмыс істеу керек. Рейтингте екінші орынға Таллин орналасты. Үшінші орында Ереван. Төртінші орында Қазақстан астанасы. Ал, Белорусь астанасы бестікті тұйықтап тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!