"ҚазАзот" бірінші тоқсанда өнім экспорты көлемін үш есеге арттырды

Фотография - "ҚазАзот" бірінші тоқсанда өнім экспорты көлемін үш есеге арттырды

2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАзот» қазақстандық аммиак селитра нарығының 58%-ын қамтамасыз етті.

419 0

"ҚазАзот" ЖШС ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 79 200 тонна азот минералды тыңайтқыштар (аммиак селитрасын) өткізді, оның 2,2 млрд теңге сомаға 34 500 тоннасын компания экспорттады, ол 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда шамамен 3 есеге артық, деп хабарлады pm.kz.

Айтып өтілгендей, жылдың соңына дейін "ҚазАзот" шетелдік нарықтарға қосымша 82 700 тонна аммиак селитрасын жеткізуді жоспарлауда.

Еске салсақ, Қазақстанның Даму Банкі аммиак және азот минералды тыңайтқыштар өндіру қуаттылығын кеңейтуге бағытталған Ақтау қаласындағы "ҚазАзот" зауытын кешенді жаңғырту жобасын қаржыландырады. Жоба ҚР-ның 2015-2019 жж. арналған индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Банкте мәлімдегендей, а.ж. 18 шілдедегі жағдайы бойынша Банк қарастырған Жобаны қаржыландыру көлемінің "Шағырлы-Шөмішті" газ кен орнын игеруді қоса алғанда құрал-жабдық сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталған қаражаттың 55% игерілді. Аяқталуы 2018 жылдың екінші жартысында жоспарлатын Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорындағы еңбек өнімділігі 17 762 мың теңгеден 35 000 мың теңгеге арттырылады,  300 жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы зауыт қызметкерлерінің штаттық саны 1243 адамды құрайды.

Жоба аясында қазіргі уақытта танкілі және үрлемелі газдардан алынған аммиакты кәдеге жарату қондырғысын монтаждау аяқталып қалды, грануляциялық мұнара жобалау кезеңінде. Сондай-ақ, модульдік құрылымды тұрақты автоматтандырылған электр агрегаттарын орнатуды көздейтін "Wartsila" финдік технологиясы бойынша қуаттылығы 38,9 МВт болатын газпоршеньді электр стансасының (ГПЭС) құрылысы басталды. Жаңа өндірістік нысандар салу зауытты жеке электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге, өндірілетін өнім көлемін арттыруға және өндірілетін минералды тыңайтқыштардың сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

"2015 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазАзот" қазақстандық аммиак селитра нарығының 58%-ын қамтамасыз етті. Кәсіпорын жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібінде пайдаланылатын өнімнің шамамен 60% ішкі нарыққа, қалған 40% - экспортқа Қырғызстанға, Украинаға, Түркіменстанға, Өзбекстанға және Ресейге жөнелтіледі", - деп атап өтті компанияның бас директоры Кинис Ураков.

Айтар болсақ, ірі экспорттық келісімдер жасалған компаниялар қатарында: "Трейдинвест Украина" ЖШҚ (Украина), "Селена" ЖШҚ (Украина), "Агроферта" ЖШҚ (Украина), "Либера" ЖШҚ (Грузия), "Юлита" ЖШҚ (Қырғызстан), "Борей" АҚ (Ресей) және басқалары.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!