Елордалық өнеркәсіптік кәсіпорындар 178,7 млрд теңгенің өнімін шығарды

Фотография - Елордалық өнеркәсіптік кәсіпорындар 178,7 млрд теңгенің өнімін шығарды

Электр қуатымен жабдықтау, газ, бу беру өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өнімдер өсімі 7,4% құрады

366 0

Астанада жарты жылдың ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде шағын және қосалқы өндірістер, үй шаруашылығы секторы 178,7 млрд теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өңдеуші өнеркәсіпте машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдар өндіру 77,1%, металлургия өнеркәсібі - 58,6%, жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 9,6% ұлғайды.

Электр қуатымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларында өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өнімдер өсімі 7,4% құрады.

Сонымен қатар, сумен жабдықтау, кәріз жүйелері, қалдықтарды жинау мен үлестіру салаларында да көрсеткіштер артты. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 104,6% құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!