Мемлекеттік қарыз жағдайы өте шиеленісіп тұр – Қарағұсова

Фотография - Мемлекеттік қарыз жағдайы өте шиеленісіп тұр – Қарағұсова

Фото: voxpopuli.kz

Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз, сондай-ақ, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз сомасы 10,9 триллион тенгеге жетті.

665 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Қазақстанның мемлекеттік қарызына байланысты туындап отырған жағдайға алаңдаулы. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарастыру барысында халық қалаулылары үкіметтің мемлекеттік қарызы мәселесін тағы да қозғауға ниетті, - деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

 "Біз бұл мәселені қазір қозғап, бюджетті талқылау кезінде тағы көтермек ойымыз бар. Бюджетті талқылау барысында кейбір цифрларды өзгертуіміз де мүмкін", - деді Today.kz тілшісіне қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

 Ол депутаттардың бұған дейін де мемлекеттік қарыз мөлшері жайында «үкіметке бірнеше рет сауал қойғандары» туралы еске салды.

 "Алайда, үкімет бізді мемлекеттік қарыздың ұйғарынды параметрлер шектерінен шықпағандығы жөнінде сендіріп, өз есептерін келтіреді. Мен өзім мемлекеттік қарыз мәселесін үш рет көтердім. Үкімет мемлекеттік қарызды тек мемлекеттің қарызы деп қарастырады. Біз болсақ, (үкімет – авт. ескертпесі) квазимемлекеттік сектордың жалғыз акционері болғандықтан, оның да қарыздарын есепке алуға шақырып отырмыз.  Нәтижесінде мемлекеттік қарызымызға байланысты жағдай өте шиеленісіп тұр ", - деді депутат.

 Мәжілістің қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов та "мемлекеттің қарыз алу жүйесі алаңдаушылық туғызатыны» туралы айтты.

 "Бұл борыштарды өтеу бойынша қызмет көрсету қомақты қаржыны керек етеді, өйткені бұл – қарызға алынған қаражат болғандықтан, оған үстеме төленеді. Борыштарды өтеу тұрақты валютамен жүргізілетіндіктен, кірістеріміз де валюта түрінде болуы тиіс.  Демек, бұл мұнай, газ сияқты сыртқа сатылған өнімнен түскен табыстармен тікелей байланысты. Бүгінгі бағалары тұрақсыз болғандықтан, мемлекеттердің экономикалары төмендеп, тұтыну үлесі кемігендіктен, біздің валюталық табыстарымыз, тиісінше, азаяды. Сондықтан борыштарымызды өтеу бойынша қызмет көрсету қиындай түспек", - деп түсіндірді халық қалаулысы.

 Оның айтуынша, "сырттан қарыз алудың теріс салдары бар, сондықтан бұл мәселеге өте үлкен сақтықпен қарап, мұқият есептеу қажет».

 "Бюджетті қарастыру кезінде біз бұл проблемадан көз жазбай, назар аударамыз", - деп сендірді А. Жамалов.

 Мәжіліс қарастырып отырған "2017-2019 жылдарға арналған  республикалық  бюджет туралы" заң жобасы бойынша, Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз, сондай-ақ, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз мөлшері 10,9 триллион теңгеге жетті (1 АҚШ доллары үшін 338,87 теңге бағамы бойынша есептегенде 32,18 миллиард АҚШ доллары). Бұл соманың ішінде үкімет қарызы 9 триллион теңге, оның ішінде ішкі қарыз – 4,396 триллион теңге, сыртқы – 4,68 триллион теңге. ҚР Ұлттық банкінің ішкі қарызы 1,552 триллион теңге деп белгіленіп отыр.

 Мемлекет кепілдендірген қарыз 232,5 миллиард теңге, оның ішінде ішкі қарыз – 11,636 миллиард теңге, сыртқы қарыз – 220,878 миллиард теңгені құрап отыр.

 Мемлекеттің кепілгерлігімен алынған ішкі қарыз мөлшері 39,127 миллиард тенгені құрайды.

 Естеріңізге саламыз, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарызы по 12,8 миллиард АҚШ долларын, немесе ЖІӨ 6,9 пайызын құраған болатын. Бұл туралы 21 маусым күні сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеген болатын. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!