Мемлекеттік қарыздың күрт өсуі Ұлттық қор қаражатының сақталуына қауіп төндіреді

Фотография - Мемлекеттік қарыздың күрт өсуі Ұлттық қор қаражатының сақталуына қауіп төндіреді

Фото: kapital.kz

2008 жылдан бері мемлекеттік қарыз 2,2 миллиард АҚШ долларынан 32 миллиард доллардан астам деңгейге жетті.

457 0

Қазақстан үкіметі қарыз алудағы басымдықтарды қайта қарастыру үшін іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар тізімін оңтайландырмақ, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымы құрамына 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті таныстыру барысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

 

"Сіздердің алаңдаушылықтарыңыз түсінікті, өйткені біз қаржы министрлігімен, салалық министрліктермен бірге инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік кепілдемелерді беру жоспарларын қайта қарастырып, бұл үдерісті оңтайландыру арқылы басым бағыттарды белгілемекпіз», - деді мемлекеттік сыртқы қарыздарының айтарлықтай өсуі бойынша депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берген Қ. Бишімбаев.

 

Депутат Аманжан Жамалов 2008 жылы 2,2 миллиард АҚШ долларын құраған мемлекеттік, мемлекет кепілдендірген қарыз және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз сомасы бүгінгі күні 32 миллиард долларға дейін өскені, борыштарды өтеу бойынша қызмет көрсету төрт жыл ішінде сегіз есеге жуық қымбаттағаны жайлы айтып, сондай-ақ олардың "білім және денсаулық сақтау салалары сияқты бюджеттің маңызды шығыс баптарынан асып түсіп жатқаны» туралы мәлімдеді.

 

"Мемлекеттік қарыздардың күрт өсуі бюджеттің тұрақтылығына орасан қысым көрсетеді. Бұл әсіресе Ұлттық қор қаражатын сақтау үшін қауіпті»,- деп есептейді депутат.

 

Сонымен қатар ол, мұнай баррелі үшін 30-35 доллар деңгейіндегі баға тұрақтанған жағдайдағы ел экономикасы дамуының Ұлттық банк дайындаған сценарийіне сәйкес «Ұлттық қор қаражаты бюджеттік және бюджеттен тыс шығындарды 5 жыл бойы өтеуге жетер еді», деген болжамды еске салды.

 

"Сырттан қарыздану осылай жүргізіле берсе, біраз уақыттан кейін біз Ұлттық қорсыз қалу қаупі бар», - деп атап өтті ол.

 

Мәжіліс депутаты экономикасы шикізатқа негізделген елдердің қарызы ЖІӨ-ге шаққандағы ара-салмағы 30 пайыздан аспайтындағын жеткізді. Норвегияда бұл көрсеткіш 28 пайыз, Ресейде – 18 пайыз, Иран мен Чилиде – 17 пайыз, Индонезияда – 27 пайызды құрайды.  

 

"Біз қарыз деңгейін 90-100 пайызға дейін жеткізу мақсатын қойып отырмағанымызға сендіргім келеді. Бүгін бізде шынымен де белгілі бір деңгейдегі өсім бар, ол бірқатар бағдарламалардың іске асырылуымен, табыстарымыздың төмендеуімен байланысты. Біз халықаралық қаржылық ұйымдардан ұзақ мерзімді, «жұмсақ» қарыздарды тартып отырмыз. Қазірше біз үкіметтік қарыздың 21 пайыз,  мемлекеттік қарыздың – 21 пайыз деңгейінде екенін көріп отырмыз. 2017 жылға жасап отырған болжам бойынша, бұл айырма Ұлттық банктың ішкі нарыққа қысқа мерзімді ноталарды шығару белсенділігін артыруымен байланысты.  Басқаша айтқанда, бұл қарыздың бөлігі бірқалыпты емес және Ұлттық банктың өз операцияларын жүргізуіне байланысты»,- деп түсіндірді Қ. Бишімбаев.

 

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы Гүлжан Қарағұсова үкіметтің мемлекеттік қарыз деңгейін есептегенде «мемлекет жүз пайыздық акционері болып табылатын квазимемлекеттік сектор» ескерілмей келе жатқанын еске салды.

 

"Сондықтан біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік. біз бақылау жүргізе алмаймыз. Бұл мемлекетіміздің әр азаматына қатысы бар болғандықтан, саясатты қайта қарау кезінде сіз біздің ұсыныстарымызды қолдап, мемлекеттік қарыз құрылымына, әлем елдерінің тәжірибесіне сәйкес, квазимемлекеттік секторды да қосуыңызды сұраймыз", - деді Қарағұсова министрге.

 

Естеріңізге саламыз, 14 қыркүйек күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстанның мемлекеттік қарызына байланысты туындап отырған жағдайға алаңдаушылық білдірді. Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, мемлекеттік қарыз деңгейіне байланысты туындап отырған жағдай «өте шиеленісіп тұр». "Мемлекеттің қарыз алу жүйесі алаңдаушылық туғызатыны» туралы депутат Аманжан Жамалов та айтты.

 

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарызы по 12,8 миллиард АҚШ долларын, немесе ЖІӨ 6,9 пайызын құраған болатын. Бұл туралы 21 маусым күні сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеген болатын.

 


 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!