1443

Қазақстанда қаңтардағы азық-түлік бағасы 5,9 пайызға өскен

Азық-түлік бағалары елімізде қалай өзгерді?
Фотография - Қазақстанда қаңтардағы азық-түлік бағасы 5,9 пайызға өскен Көрнекі сурет

Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға өскен, деп хабарлайды Today.kz ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып.

Биыл кондитерлік өнімдердің, алкогольді ішімдіктердің, сүт өнімдерінің, балық пен теңіз өнімдерінің, жемістер мен көкөністердің, ұн өнімдерінің және кофе, шайдың бағасы қымбаттаған. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, еліміздегі ең қымбат қала  - Ақтау. Дәл осы қаланың тұрғындары азық-түлікті басқа қаланың тұрғындарына қарағанда бірнеше есе қымбат бағаға сатып алады. 

Еліміздегі ең қымбат нан, макарон өнімдері мен қарақұмық, сарымай, картоп және қарыққабатты Ақтаудан табасыз. 

Керісінше ең арзан азық-түлік Қарағандыда. Азық-түлік арзан қалалардың қатарында Павлодар, Тараз, Ақтөбе бар.