396

2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты – Данияр Ақышев

Бірінші тоқсанда теңге бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2%-ға нығайды.
Фотография - 2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты – Данияр Ақышев Көрнекі сурет

2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бірінші тоқсанда теңге бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2%-ға  нығайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

"Өткен аптада Ресейдің қор нарығының құлдырауы және рублінің әлсіреуі себебінен теңге бағамы құбылды. 9-11 сәуір аралығындағы 3 күн ішінде теңге 3,5%-ға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 330,88 теңгеболды. Ұлттық Банктің қалыптасып отырған ахуалға әсері бейтарап болғанын атап өтемін", – деп түсініктеме берді Данияр Ақышев.

Ақышев сондай-ақ экономика тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі мемлекеттің ақша-кредит және фискалдық саясатын үйлестіру екенін айтты

Және 2018 жылғы қаңтар-ақпанда банктердің экономикаға берген кредиттер көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33%-ға ұлғайып, 1,7 триллион теңгені құрайтынын мәлімдеді

Загрузка...