734

АҚШ доллары KASE-нің күндізгі сессиясында 344,52 теңгеге өсті

Күндізгі сессия саудасына 22 банк қатысқан.
Фотография - АҚШ доллары KASE-нің күндізгі сессиясында 344,52 теңгеге өсті Сурет: today.kz

Қазақстандық қор биржасының күндізгі саудасының нәтижесі бойынша, АҚШ доллары өсті, деп хабарлайды Today.kz KASE ақпаратына сілтеме жасап. 

Күндізгі сессия саудасына 22 банк қатысқан. 

Спот-нарық саудасының қорытындысына сәйкес, АҚШ долларының орташа бағамы 344,52 теңгені құрады, сауда көлемі 87 400 мың доллар болды. 

Евро 403 теңгеге бағаланды, сауда көлемі – 100 мың евро. 

Ресей рублінің орташа бағамы 5,53 теңге болды, сауда көлемі – 20 000 мың рубль. 

Загрузка...