928

"7-20-25" – банктер 7,3 миллиард теңге болатын 640 өтінішті мақұлдады

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы айтты.
Фотография - "7-20-25" – банктер 7,3 миллиард теңге болатын 640 өтінішті мақұлдады Сурет: Sputnik Қазақстан

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы айтты. Қазақстандықтар жеңілдікпен несие алу үшін мыңнан көп өтініш беріп үлгерген, деп хабарлайды Today.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша 11,9 миллиард теңге тұратын займды алуға 1039 өтініш қабылданды. Оның ішінде 7,3 миллиард теңге тұратын займ беруге 640 өтініш мақұлданды. 

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 5 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ипотекалық несие беруге жаңа жүйе енгізуді тапсырды. Ол жүйенің аты – "7-20-25": 7 пайыз сыйақы, баспана құнының 20 пайыз төлемі, 25 жыл – несие төлеу мерзімі.

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болатынын қадам-қадамымен айтып берді.

Сарапшы, экономист Мақсат Халықов Today.kz сайтына аталған бағдарламаның тиімді тұстарын жіліктеп және бұл бағдарламаны бұдан да қолайлырақ қылудың жолдарын ұсынды

ҚР-дағы жаңа тұрғын үй бағдарламасымен "Баспана" ипотекалық компаниясы АҚ айналысады.

Астанада "7-20-25" бағдарламасымен пәтер алуға болатын құрылысшылар мен тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды.

Мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновке аз жалақыларының кесірінен "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай жүргендерін айтып, шағым түсірді.


Загрузка...