5306

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15 триллион теңгеге жетті

Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік қарыз төрт есеге ұлғайды, 4-тен 14,8 триллион теңгеге жетті.
Фотография - Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15 триллион теңгеге жетті Сурет: kapital.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жылдың ішінде 22 пайызға өсіп, 15 триллион теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Today.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстанның бірлескен қарызы маусымның қорытындысы бойынша 14,8 триллион теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда (12,1 триллион теңге) 21,9 пайызға көп. Елдің мемлекеттік қарызы  – 14,2 триллион теңге (өсім – 20 пайыз), мемлекет кепілдендірілген қарыз – 523 миллиард теңге (өсім – 2,2 есе) және ішкі қарыз – 37,8 миллиард теңге (өзгеріссіз)", – деді сарапшылар.

ҚР Үкіметінің ішкі қарызы бір жылдың ішінде 30,6 пайызға өскен, яғни 4,4-тен 5,8 триллион теңгеге дейін ұлғайған. 

Сыртқы қарыз 4,7 пайызға өскен, яғни 210 миллиард теңге болған.

Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік қарыз төрт есеге ұлғайды, 4-тен 14,8 триллион теңгеге жетті. Орта есеппен қарыз көлемі 28,8 пайызға өсіп барады. 

Қарызға қызмет ету үшін мемлекеттік бюджеттен бірінші жартыжылдықта 248,7 миллиард теңге бөлінген, ол өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 13,3 пайызға көп. Қазынаның шығыны барлық бағыт бойынша 9,6 пайызға көбейген. 

Загрузка...