1951

Карта ма, әлде қолма-қол төлем бе? Қазақстандықтар затты немен сатып алады

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, осы жылдың сегіз айында азаматтар картадан алған қаражат 8,5 триллион теңгеге жеткен.
Фотография - Карта ма, әлде қолма-қол төлем бе? Қазақстандықтар затты немен сатып алады Сурет: akket.com

Қазақстандықтар банк карталарын қалай қолданып жүр? Қарапайым тұрғындар үшін банк картасы дегеніміз тауар құнын төлейтін құрал емес, тек зейнетақы мен жалақы алатын зат қана ма? ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, осы жылдың сегіз айында азаматтар картадан алған қаражат 8,5 триллион теңгеге жеткен. 

Today.kz тілшісі ел тұрғындарынан алған қызметін картамен төлей ме, әлде қолма-қол төлей ме деп сұрап көрді. 

Оралдық Александра Антонова көбіне карта қолданатынын айтты. 

"Мен көбіне картаны қолданамын, 60 пайыз тауарды соның көмегімен сатып аламын. Бұл ыңғайлы, қолданылғаны үшін берілетін бонус та жақсы. Өкінішке орай, үйімнің жанындағы барлық дүкен картаны қабылдай бермейді", – деді ол. 

Фото -

Сурет: theworldnews.net

Алматы жанындағы Тұздыбастау ауылының 37 жастағы тұрғыны Дәурен Нарынов та картаны көп қолданады екен. 

"Карта қолданған ыңғайлы. Қолма-қол төлемді ұсақ-түйек зат алғанда қолданамын. Балабақша, коммуналдық төлемдер, салық, айыппұлдың бәрін банк картасы арқылы төлеймін. Бонус та жақсы, әр сатылым cashback арқылы жүреді. Түрлі банкте жақсы бағдарламалар көп, қалтаңа осындай карточкалардың бір-екеуін салып аласың, бітті, уайымсыз сауда жасай бер", – дейді ол. 

Тараздық 24 жастағы Асланбек Әтимұратов та банк картасысыз жүре алмайтынын айтты. 

"Көбіне карта қолданамын, солай ыңғайлы. Шағын дүкендерге қолма-қол төлем жасаймын, барлық жер картаны қабылдай бермейді", – деді ол. 

Карта арқылы төлем жасауды құп көрмейтіндер де табылды. 

Алматылық 35 жастағы Светлана Тұрлыбекова керек-жарағын үй жанындағы дүкеннен сатып алатынын айтты. 

"Үш балам бар, сондықтан үйден шығар болсам, тек жақын маңдағы дүкенге кірем. Ол жақта карта қабылдамайды. Бірақ картаны қолданған ыңғайлы, Интернет арқылы зат сатып алсаң да. Айына 2-3 рет осылай тауар сатып аламын", – деді ол. 

Меруерт Мұхамеджанова да көбіне ақшалай төлейді. 

"Үйге кафе, мейрамханадан тамақ алдыртқанда картаны қолданамын. Бірақ күн сайын ақшалай төлеймін. Карта ыңғайлы, өйткені қалтаңда керек ақшаң үнемі тұра бермейді, касса алдында тұрып тиын іздеу де жақсы емес", – дейді 24 жастағы алматылық тұрғын. 

Семейлік Антон Егоров банк картасын Интернеттен зат сатып алғанда ғана пайдаланады екен. 

"Күнделікті өмірде әрине қолма-қол төлеймін. Картаны тек Интернеттен зат сатып алғанда қолданамын. Басқалай мүмкін емес, не карта, не электронды қаражат. Негізінен ол маған сол үшін керек", – деді 31 жастағы ер адам. 

Кейбір азаматтар банк картасын қолдануды түсінбейтін болып шықты. 29 жастағы алматылық Батыржан Ашубаев әр ақшасын ойластырып жаратады екен. 

"50-де 50. Өмірде қолма-қол төлеген ыңғайлы, себебі картаны барлық дүкен бірдей қабылдай бермейді. Бірақ аса қымбат немесе арзан зат сатып алғанда қолма-қол төлеген дұрыс", – деді ол.

Фото -

Сурет: kapital.kz

Бұл ойды шонжылық 30 жастағы Нұрасбек Әділбекұлы да қолдайды. 

"Дүкенде ақшалай төлеймін, азық-түлік алған кезде. Ал қымбат нәрсе алғанда немесе ұялы телефонға бірлік салғанда карта ыңғайды. Бұрын Интернет арқылы тапсырыс бергенде картамен төлейтінмін. Қалтаңда тиын-тебен болмаса карта арқылы төлеуге болады", – деді ол. 

Қарағандылық зейнеткер Галина Приходько картаны да қолданбайтынын айтты. 

"Зейнетақыны банктен аламын. Карта қолданудан қорқамын. Танысымның картасын банкомат бірнеше рет жұтып қойған. Көзім нашар көреді, басқа жерін басып қалам ба деп қорқамын, қобалжимын. Кейде қызым арқылы картадан да алдыртамын, негізінен мен тұратын ауданда затты тек ақшалай сатып алуға болады", – деді ол. 

Біз сіздің де ойыңызды білгіміз келеді. Осыған қатысты не айтасыз?

{{poll.title}}

{{a.title}}

{{a.title}}

Загрузка...