637

Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы өзгерді.
Фотография - Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады Сурет: today.kz

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,06 долларға арзандап, барреліне 71,65 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,89 долларға төмендеп, 62,21 долларға жетті.



Загрузка...