Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" ХҚО биржасындағы сауданы ресми түрде іске қосты

Экономика
1815
АХҚО-дағы биржаның іске қосылуы елдің дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Әлем" павильонында орналасқан "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасындағы сауданы ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Today.kz. Мемлекет басшысы қатысушылар мен қонақтарға арнап сөз сөйледі. 

"Бүгін "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты ресми түрде бастағалы отырмыз. Осы оқиғаның ұлттық валютамыздың, осыдан 25 жыл бұрын енгізген теңгеміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отырғанының маңызы бар. 25 жыл бұрын теңгемізді енгізіп, Қазақстанның нағыз экономикалық қаржы тәуелсіздігін орнықтырған болатынбыз. 1993 жылдары, ауыр кезеңде қаржылай экономикалық тәуелсіздігіміздің өзегі болды

Содан бері аз қиындық көрген жоқпыз. Дегенмен аяқтан тұрдық 

Содан бері Қазақстан экономикасы өсті, халқымыздың әл-ауқаты артты, еліміздегі кедейшілік 40 пайыздан үш пайызға төмендеді. Инфляция төмен. Еліміздің 90 миллиард доллар тұратын алтын-валюта қоры бар. Яғни экономикамыздың тұрақтылығы қамтамасыз етілген", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Фото -

Мемлекет басшысы АХҚО-дағы биржаның іске қосылуы елдің дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтті. 

Ол 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО 2017 көрмесін абыроймен атқарғанын айтты. Президенттің сөзінше, тұрғызылған ғимараттар базасында халықаралық қаржы орталығын құру шешімі қабылданды. Қазақстан басшысы бұл үшін Лондон, Гонконг және басқа да елдердің тәжірибесі ескерілгенін жеткізді. 

Фото -

Естеріңізге салайық, 2015 жылдың желтоқсанында Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституция заңына қол қойған болатын. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО биржасы AIX 2017 жылдың қарашасында құрылды. AIX бірінші кезекте ұлттық нарыққа қызмет көрсетуі тиіс. 

Қазір қарапайым акциялардың саудасы басталды. АХҚО биржасында IPO-ға шығатын бірінші эмитент "Қазатомпром" ҰАК" АҚ болмақ. 

Фото -

Фото -

Фото -

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить