Назарбаев "Астана" ХҚО-на жүктеліп отырған міндетті атады

Экономика
1861
Президенттің пікірінше, Астана "ақылды" қалаға айналып барады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы бүкіл Азияның басты қаржылай хабына айналып, жетекші қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс. Бұл пікірді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы орталығында жаңа сауда биржасын іске қосу рәсімінде айтты, деп хабарлайды  Today.kz

Президент АХҚО биржасындағы IPO-ға шығатын бірінші эмитенттің не үшін "Қазатомпром" ҰАҚ" АҚ-ы болатынын түсіндірді. Мемлекет басшысы Қазақстан әлем бойынша уран өндіруден бірінші орында екенін, еліміздің үлесі бүкіл ғаламшар бойынша 20 пайыз екенін еске салды. Сондықтан да компания акциясы мен сұраныс өсетін болады. 

"Алдағы уақытта біз "Қазақтелеком" АҚ, Air Astana, "ҚазМұнайГаз" АҚ және басқа да ұлттық компания активтерін саудаға саламыз. АХҚО шетел компанияларының катализаторына айналып, қор нарығын жаңа деңгейге шығаруы керек.

Бұл жерде үздік әлемдік тәжірибелер қолданылды, жетекші серіктестер араласты

Қатысу үшін теңдессіз жағдай жасалды. Келушілерге салық жеңілдіктері жасалады (...) АХҚО алдағы уақытта аймақтың басты қаржы хабына айналып, Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс, әсіресе қарқынды дамып жатқан Жібек жолын қамтамасыз етуі керек. Орта Азияның барлық елі осы орталықтың қызметіне жүгіне алады. Орталық Астанаға жаңа статус беріп үлгерді. Жаһандық қаржылық орталықтар рейтингінде қала соңғы жылы 27 позицияға жоғарылады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Фото -

Президенттің пікірінше, Астана "ақылды" қалаға айналып барады, бұл қалада азаматтар мен елорда қонақтарына жақсы жағдай жасалған. Қазақстан бұрын Уолл-стриттің жылдам жолын теледидардан ғана көрген болса, бүгінгі таңда өз елімізде биржа іске қосылды. Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың бәріне сәттілік тіледі. 

Бұдан бұрын ҚР Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы биржа саудасын бастаған еді

Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституция заңына қол қойған болатын. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО биржасы AIX 2017 жылдың қарашасында құрылды. AIX бірінші кезекте ұлттық нарыққа қызмет көрсетуі тиіс. 

Қазір қарапайым акциялардың саудасы басталды. АХҚО биржасында IPO-ға шығатын бірінші эмитент "Қазатомпром" ҰАК" АҚ болмақ. 
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить