883

25 жылдық тарихы бар төл теңгеміздің жағдайы қандай

Today.kz редакциясы теңгенің тарихына көз жүгіртіп, 25 жыл ішінде ұлттық валютамыздың басынан не өткенін еске түсіріп көрді.
Фотография - 25 жылдық тарихы бар төл теңгеміздің жағдайы қандай Сурет: today.kz

Қазақстанның ұлттық валютасы 25 жаста. Ширек ғасыр бұрын теңге пайда болды. Today.kz редакциясы теңгенің тарихына көз жүгіртіп, 25 жыл ішінде ұлттық валютамыздың басынан не өткенін еске түсіріп көрді. 

Төл теңгенің тарихы 

1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның ұлттық валютасын енгізу" туралы Жарлыққа қол қойды. Екі жыл бұрын болашақ теңгенің қандай болатыны дайындалды. Бұл жұмысқа Григорий Марченко, Өмірзақ Шөкеев, Ораз Жандосов, ҚР Ұлттық банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназаров араласты. 

Ұлттық валютаның алғашқы қолдан жазылған түрі Ұлыбританияда дайындалды, ал алғашқы банкнотты Harrison & Sons типографиясы басып шығарды. Дайын болған ақша Лондоннан Орал қаласына жеткізілді: аса құпия түрде сегіз күннің ішінде 19 әуе рейсі жасалған. 

1993 жылдың 15 қарашасынан бастап бес күннің ішінде 16 жасқа толған кез келген азамат 100 мың кеңес рублін ауыстыра алатын болған. 100 мың кеңес рублі сол кезде 200 теңге тұрған. 

1000 теңгелік алғашқы купюра 1995 жылы пайда болды, 2000 теңге 1996 жылы жарық көрді. Бұдан кейін екі жылдан соң 5000 теңге шықты. 

2006 жылы Қазақстанда 200 теңгеден 10 мың теңгеге дейін ақша болды. Ең ірісі – жақында қолданысқа енген 20 мың теңге. 

Қазақстан Республикасының банкноталары бірнеше рет әлемдегі ең әдемі ақша ретінде мойындалды. 

Фото -

Теңгенің құнсыздануы

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет девальвация 1999 жылдың сәуір айында болды. Ол кезде теңге 64,6 пайызға құлап, бір доллар 88 теңге деп тұрған жерінен 160 теңгеге бағаланды. Үкімет айырбастау курсын еркін айналымға жіберіп, айырбас бекеттері АҚШ долларын 150-160 теңгеге сата бастады. Бірнеше айдан кейін ұлттық валюта күш жинап, доллар 130-135 теңгеге сатылатын болды. 

Екінші рет девальвация 2009 жылы келді. Доллар 25 пайызға секірді, 128 деп тұрған жерінен 170 теңгеге бір-ақ көтерілді, бірақ жарты жылдан кейін 150 теңгеге түсті.

2014 жылдың ақпанында теңге тағы құлдырады. 155 теңгенің орнына айырбастау бекеттері 188 теңгені сұрап тұрды. 

Фото -

2015 жылы ұлттық валютамыз өз құнының 26 пайызын жоғалтты, бір долларды 255 теңгеге сатып алу мүмкін болды. 

Ұлттық валюта фиксациялық курстан бас тартып, еркін айналымға өтті. 

2016 жылы доллар курсы 380 теңгеге жетті. Қазіргі таңда ҚР-дағы доллардың ресми курсы – 375 теңге. 

Загрузка...