657

KASE-де доллар 370 теңгеге дейін арзандады

Саудаға 23 банк қатысты.
Фотография - KASE-де доллар 370 теңгеге дейін арзандады Сурет: ©Алмаз Төлеке

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталарын сату бойынша таңғы сессия аяқталды. Оған 23 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 370,05 теңгені құрады, сауда көлемі – 72 650 мың доллар. 

14 қараша таңертең доллар KASE-де 375,83 теңгеге сатылған еді. 

Евро мен Ресей рублі бойынша келіссөз жасалмады.

Қытай юані бойынша да келіссөз жасалмады, сессия жабылар уақытта сұраныс юаніне 53,25 теңгені құрады, ұсыныс – 53,29 теңге. 

Загрузка...