714

Доллар KASE-де 371,30 теңге болып қымбаттап кетті

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы өтті.
Фотография - Доллар KASE-де 371,30 теңге болып қымбаттап кетті Сурет: investing.com

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы өтті. Саудаға 19 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 371,30 теңге болды, сауда көлемі – 46 250 мың доллар. 

Евро бойынша келісім жасалмады. 

Ресей рублі бойынша да келісім жасалмады, сессия жабыларда сұраныс 5,58 теңге, ұсыныс 5,59 теңге болды. 

Қытай юанінің орташа курсы 54,25 теңге болды, сауда көлемі 3 900 мың юань. 

Загрузка...