784

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,65 долларға жоғарылап, 60,46 долларды құрады.
Фотография - Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді Сурет: today.kz

Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама көтерілді, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,65 долларға жоғарылап, 60,46 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,65 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 51,65 доллар болды.