766

KASE-де доллар 369 теңгеге бағаланды

Таңғы сессия аяқталды.
Фотография - KASE-де доллар 369 теңгеге бағаланды Сурет: Арман Мұқатов

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сессия аяқталды. Саудаға 19 банк қатысты, деп xабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 369,93 теңге болды, сауда көлемі 40 350 мың доллар. 

Евро бойынша келіссөз жасалмады. Ресей рублі бойынша да келіссөз жасалмады, сессия жабылар уақытта сұраныс 5,57 теңге, ұсыныс – 5,58 теңге болды.

Қытай юанінің бағасы 53,85 теңге, сауда көлемі – 1 400 мың юань.