843

KASE-де күндізгі сессия барысында доллар қымбаттап кетті

Қазақстандық қор биржасында күндізгі сауда сессия аяқталды.
Фотография - KASE-де күндізгі сессия барысында доллар қымбаттап кетті Сурет: wallhere.com

Қазақстандық қор биржасында күндізгі сауда сессия аяқталды. Саудаға 22 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 370,10 теңге болды, сауда көлемі – 80 400 мың доллар. 

Евро бойынша келісім жасалмады. 

Ресей рублінің орташа бағамы 5,59 теңге болды, сауда көлемі – 15 000 мың рубль. 

Қытай юані бойынша орташа курс 53,90 теңге болды, сауда көлемі – 800 мың юань. 

Доллардың орташа бағамы таңғы және күндізгі сессияда 370,04 теңге болды, сауда көлемі – 120 750 мың доллар. 

Ресей рублінің орташа бағамы екі сессия саудасының қорытындысы бойынша 5,59 теңге болды, сауда көлемі – 15 000 мың рубль. 

13 желтоқсан таңертең америкалық валюта биржада орта есеппен 369,93 теңгеге сатылған еді