773

KASE-де доллар курсы 371 теңгеге жетіп қалды

Саудаға 22 банк қатысты.
Фотография - KASE-де доллар курсы 371 теңгеге жетіп қалды Сурет: ©Арман Мұқатов

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы аяқталды. Саудаға 22 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 370,98 теңге болды, сауда көлемі – 153 200 мың доллар. 

Евро бойынша келіссөз жасалмады. 

Ресей рублінің орташа курсы 5,51 теңге, сауда көлемі – 6 000 мың рубль. 

Қытай юані бойынша орташа бағам 53,63 теңге болды, сауда көлемі – 700 мың юань. 

Загрузка...