Қазақстанда коммуналдық қызмет арзандай ма – вице-министр жауап берді

Экономика
1095
Барлық өңірде коммуналдық қызметтер: сумен жабдықтау, су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен қамту тарифтері арзандайды.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Елбасының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау аясында тарифтерді төмендету және тариф қалыптастыру айқындығын күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қоғамдық қабылдауларға келуге мүмкіндігі жоқ тұтынушыларға "жедел желі" телефондары ұйымдастырылған.

"Келіп түскен өтінімдер мен арыз-шағымдарды қарау қорытындысы бойынша, сондай-ақ, монополистердің негізсіз алған кірістерін анықтап, оларды тұтынушыларға қайтару мақсатында монополистерді жоспардан тыс 55 тексеру жұмыстары басталды. 15 жоспардан тыс тексеріс басталу сатысында тұр", — деді Жұманғарин. 

Вице-министрдің айтуынша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, барлық өңірде коммуналдық қызметтердің: сумен жабдықтау, су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен қамту тарифтерін төмендету көздеген.

Жылумен жабдықтау саласы

ҚР ҰЭМ ақпаратына сәйкес, биылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, үш өңірдің тұрғындары үшін жылу тарифтері төмендетілген:

  • Ақмола облысы – 36,8%-ға (116,1-ден 73,4 теңге/м2 дейін);

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1,1%-ға (114,7-ден 113,4 теңге/м2 дейін);

  • Шығыс Қазақстан облысы (Семей қ.) – 2,8%-ға (70,1-ден 68,2 теңге/м2 дейін).

Бұдан өзге, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 14 өңірдің халқына тарифтер төмендейтіні болжанған: Қарағанды облысында 2,2%-дан Түркістан облысында 15,3%-ға дейін. Соның нәтижесінде халықтың жылумен қамту қызметтерінен үнемдейтін сомасы шамамен 6 миллиард теңгені құрайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе облысының халқына жылу тарифін 10%-ға (129,25-тен 116,33 теңге/м2 дейін) төмендету көзделген. Оған қоса, "Ақтөбе ЖЭО" АҚ жылу энергиясын өндіру қызметіне өтемдік тарифтің бекітілуіне орай, жылу тарифі 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қосымша 10%-ға (116,33-тен 104,7 теңге/м2 дейін) төмендеуі күтілуде. Осылайша, жалпы 2019 жылы Ақтөбе облысының халқына жылу тарифі 19%-ға (129,25-тен 104,7 теңге/м2 дейін) төмендейді деп болжанған.

Сумен жабдықтау саласы

2018 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында халық үшін су тарифі 22%-ға (52,3-тен 40,8 теңге /3-ке дейін) қысқартылды.

Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақта тұрғындар үшін тарифтер 3%-дан 22,7%-ға дейін төмендемек.

Су тарту саласы

Бүгінгі күні Жамбыл облысының халқы үшін су бұру тарифі 0,4%-ға (16,4-тен 16,3 теңге/3-ке дейін) төмендеді. Сонымен қатар, С. Жұманғарин елдегі ең төмен тариф Жамбыл облысында екенін атап өтті.

Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақтың халқы үшін тариф деңгейі 3%-дан 11,4%-ға дейін (54,07-ден 47,91 теңге/м3-ге дейін) төмендейді.

Газбен жабдықтау саласы

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап болжамды бағаның төмендеу деңгейі 3,3%-дан 17,5% аралығында болмақ. Сонымен бірге, Алматы халқы үшін газ бағасы 12%-ға төмендемек (29,8-ден 26,2 теңге/м3), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 6% (30,7-ден 28,9 теңге/м3), Жамбыл облысында — 6% (24,3-тен 22,8 теңге/м3). Нәтижесінде газбен жабдықтау қызметтеріне халық қаражатының шамамен 5 млрд теңгесі үнемделмек.

Электрмен жабдықтау саласы

Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясын жеткізу тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, С. Жұманғаринның айтуынша, айиақаралық деңгейде электр энергиясын жнткізетін "KEGOC" АҚ-ның 2015 жылы бекітілген тарифі бес жылдық лимит аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12%-ға (2,4-тен 2,8 теңге/кВтч) дейін өсуі керек болатын. Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті "KEGOC" АҚ-мен бірге тарифті өсірмей, сол қалпында 2,4 тг/кВтч деңгейінде қалдыру туралы уағдаласты.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін электр энергиясына арналған бағаны төмендету Республиканың барлық өңірлерінде күтілуде. 2018 жылдың 20 желтоқсандағы жағдай бойынша халық үшін электр энергияның бағалары Жамбыл облысында 3,6%-ға (13,35-тен 12,86 теңге/кВтс дейін) және Қызылорда облысында 4%-ға (14,51-ден 13,93теңге/кВтс дейін) төмендетілді.  

Халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету 1,7%-дан 22,32%-ға дейін құрайды. Нәтижесінде халықтың қаражатын үнемдеу жалпы электрмен жабдықтау қызметі үшін 7,8 млрд теңгеге жуық құрайды.   

Сондай-ақ, заңды тұлағалар үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаларды төмендету 8 өңірде 1,7%-ден 18% күтілуде. Бұл ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, бизнеске оң әсерін береді.

Жалпы тұтынушылардың қаражат үнемдеуі электрмен жабдықтау қызметі үшін шамамен 14,5 миллиард теңгені құрайды. 

Осылайша, мәселен, ауаданы 60 м2-ы 2 бөлмелі пәтерде тұрып жатқан үш адамнан тұратын отбасының орташа есеп шотының төмендеуі мынадай мөлшерлерді құрайды: Алматы қаласында орта есеппен коммуналдық қызметтер үшін 14 483 теңге төлейді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа төлем 13 128 теңгені құрайды немесе 1 353 теңгеге төмендейді. Осылайша, коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу шамамен 9 700 теңгені құрайды. Астана қаласында орта есеппен коммуналдық қызметтер үшін төлем 10 666 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы алғанда орташа 9 604 теңгені құрайды немесе 1 062 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 9 000 теңгені құрайды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить