991

Доллар 374 теңге болып қымбаттап кетті

Саудаға 23 банк қатысты.
Фотография - Доллар 374 теңге болып қымбаттап кетті Сурет: freepik.com

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Саудаға 23 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz  KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 374,06 теңге болды, сауда көлемі – 100 650 мың доллар.  

Евро бойынша келісім жасалмады. 

Ресей рублінің орташа курсы 5,42 теңге болды, сауда көлемі – 10 000 рубль. 

Қытай юані бойынша орташа курс 53,91 теңге болды, сауда көлемі – 900 мың юань. 

Таңғы және күндізгі сессия бойынша доллардың орташа бағамы 373,56 теңге, сауда көлемі  – 129 850 доллар

Ресей рублінің орташа бағамы екі сессия қорытындысы бойынша 5,42 теңге, сауда көлемі – 25 000 рубль. 

Естеріңізге салайық, 26 желтоқсан таңертең америкалық валюта 371,83 теңгеден сатылған еді

Загрузка...