1251

KASE-де доллар бағасы 380 теңгеге жетіп қалды

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы өтті.
Фотография - KASE-де доллар бағасы 380 теңгеге жетіп қалды Сурет: wallhere.com

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы өтті. Саудаға 24 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 379,61 теңге болды, сауда көлемі – 85 750 мың доллар. 

Евро бойынша келісім жасалмады. 

Ресей рублі бойынша келісім жасалмады, сессия жабылар уақытта сұраныс 5,45 теңге болды, ұсыныс айтылмады. 

Қытай юанінің орташа бағамы 55,29 теңге, сауда көлемі – 200 мың юань. 

Загрузка...