"Эксимбанк" салымшыларына өтемақыны кім төлейтіні белгілі болды

Экономика
1086
"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.

Алматы қалалық соты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешіміне "Қазақтелеком" АҚ-тың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, МАЭС-тың "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-та салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың (ҚДКҚ) ақша қаражатынан жинақталған сыйақыны ескере отырып, бірақ депозиттер бойынша кепілдіктің ең көп сомасынан аспайтындай салымның, банк шотындағы немесе төлем карточкасындағы ақша қалдығының сомасы шегінде төленетін болады: 

– ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге; 

– шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге; 

– бір салымшының "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-та бір уақытта теңгеде және шетел валютасында орналастырған депозиттері бойынша – 15 миллион теңге (шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайтын мөлшерде). 

Сыйақы 2019 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы (салымдарды, банк шоттарын немесе төлем карточкаларын қоса алғанда, депозиттік шоттарға төленген) шеңберінде өтелетін болады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді. Өтемақы сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 16 қаңтардағы нарықтық айырбастау бағамы қолданылады. 

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу алты ай ішінде – 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі. 4 ақпанға дейін "Қазпочта" АҚ-тың филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың салымшыларынан өтініштер қабылдауға, оларды қарауға және өтемақы төлеуге құқығы жоқ. 2019 жылғы 4 тамызға дейін "Қазпочта" АҚ-қа жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін ҚДКҚ-қа тікелей тиісті өтініш бере отырып, өтемақы алуға құқылы. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить