912

KASE-де доллар 378,73 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды.
Фотография - KASE-де доллар 378,73 теңгеге дейін қымбаттады Сурет: ©Арман Мұқатов

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Саудаға 22 банк қатысты, деп хабарлайды Today.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 378,73 теңгені құрады, сауда көлемі – 53 550 мың доллар. 

Евро бойынша келісім жасалмады. 

Ресей рублінің орташа бағамы 5,70 теңге, сауда көлемі – 20 000 рубль. 

Қытай юанінің орташа бағамы 55,66 теңге, сауда көлемі – 300 мың юань. 

Доллардың орташа бағамы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 378,14 теңге, сауда көлемі – 131 350 мың доллар. 

Ресей рублінің орташа бағамы екі сессия қорытындысы бойынша 5,70 теңге болды, сауда көлемі – 20 000 рубль. 

Естеріңізге салайық, таңертең америкалық валюта KASE-де орта есеппен 377,73 теңгеден сатылған болатын

Загрузка...