2656

KASE-де доллар 378,47 теңгені құрады

Саудаға KASE-нің 20 мүшесі қатысты.
Фотография - KASE-де доллар 378,47 теңгені құрады Көрнекі сурет

Қазақстандық қор биржасында таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың курсы 378,47 теңгені құрады, деп хабарлайды Today.kz.

Саудаға KASE-нің 20 мүшесі қатысты. 

"Доллардың орташа бағамы 378,47 теңгені құрады (-0,69 теңге), сауда көлемі – 41 590 мың доллар", – делінген биржа сайтындағы хабарламада. 

Евро бойынша келісім жасалмады.

Ресей рублінің орташа курсы 5,81 теңге, сауда көлемі – 10 300 мың рубль. 

Қытай юанінің курсы – 56,31 теңге.