АХҚО өңірдегі ең ірі қаржылық хабқа қалай айналады

Экономика
2487
АХҚО-ны құрудың негізгі идеясы өзге қаржы орталықтарымен байланыстыратын экожүйе мен хаб құру болды.

Елордада 16-17 мамыр аралығында өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында “Қаржылық өзара іс-қимыл: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының ролі” атты панельдік сессия өтті. Оған “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ЕВРОБАК атқарушы директоры Юлия Кусиди, АХҚО Соты және Халықаралық арбитражды орталығы жетекшісі әрі тіркеушісі Кристофел Кэмпбелл-Холт, Хамада Бин Халифа университетінің президенті Ахмад М. Хасна және т.б. қатысты.

АХҚО алаңында өткен келелі жиында өңірдегі қаржы секторының даму мүмкіндіктері, қаржы орталықтарының инвестиция тартудағы ролі, өңірлік қаржылық хабтардың ел экономикасын дамытуға қосар үлесі сынды ауқымды тақырыптар талқыланды.

Панельдік сессияда алғашқы сөз АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовке берілді. Өңірлік қаржылық хаб Басқарушысы өз кезегінде АХҚО-ны құрудағы басты мақсат жайлы айтып берді.

"АХҚО-ны құрудың негізгі идеясы өзге қаржы орталықтарымен байланыстыратын экожүйе мен хаб құру болды. Сонымен бірге, АХҚО-ның басты мақсаты – инвесторларды тарту және өңірде үздік инвестициялық климат құру болып саналады”, – деді АХҚО Басқарушысы.

Шетелдік сарапшылар да АХҚО жұмысына жоғары баға беріп, өңірлік қаржылық хабтың инвесторларға қатысты шешім қабылдаудағы маңызына тоқталып өтті.

"ЕВРОБАК Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру бағытында көп жұмыс атқарды. Меніңше АХҚО мен оның Халықаралық соты инвесторларға қатысты шешім қабылдау мәселесінде үлкен роль атқарады. Біз бұл бастамаға барынша қолдау көрсететін боламыз”, – деді ЕВРОБАК атқарушы директоры Юлия Кусиди.

Сарапшылар арасында "экономикалық даму орталығы Батыстан Шығысқа ығысып келе жатқандығын мәлімдеген мамандар да болды.

"Экономикалық даму нүктесі бүгінде Батыстан Шығысқа қарай ығысуда. Соның жарқын дәлелі – сіз бен біздің бүгін осы жерде, осы өңірде бас қосуымыз болып отыр. Сол себепті АХҚО-ның осы өңірде бой көтеруі - маңызды шешім деп ойлаймын”, – деді БҰҰ ЭСКАТО Даму мәселелеріне арналған қаржыландыру және макроэкономикалық саясат жөніндегі директор Хамза Али Малик.

Сессия соңында АХҚО, Хамад Бин Халифа университеті (Катар) және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Еске сала кетейік, бүгін елордада XII Астана экономикалық форумының екінші күні өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі жиынға жаһандық көшбасшылар, білікті сарапшылар мен саясаткерлер қатысуда.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить