Бес әлеуметтік бастаманың маңыздысы – бизнесті әлеуметтік қолдау

Экономика
1302
Бүгінде өңір-өңірлерде "Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы" белсенді іске асырылып жатыр.

Бүгінде өңір-өңірлерде "Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы" белсенді іске асырылып жатыр. Оның ішінде төртінші бастаманы іске асыру Үкіметтің баса назарында. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингін жүргізу" гранты аясында осы төртінші бағыттың Жамбыл облысында қалай жүзеге асып жатқанын "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нің филиал директорының орынбасары Ахмедияр Айтбаевпен сұхбаттасып, мән-жайды білді.

"Қазіргі таңда бастама бойынша өңірде жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында қаржыландыруды іске асырып жатырмыз. Жалпы, біздің корпорация аталған бағдарлама аясында жұмысын 2017 жылы бастаған болатын. Біздегі жұмыстың ерекшелігі - несиелендіруді облыста орналасқан несиелік серіктестер арқылы жүргізу", - дейді Ахмедияр Айтбаев.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өкілі тұрғындардың қандай бағытта және қанша пайызбен несие алып жатқанына тоқталды.

"Нақтырақ айтсам, біз микроқаржы ұйымына белгілі 200 миллион теңге аударып бердік. Ол қаржыны ұйым ауылды елдімекендерге және шағын қалаларды дамытуға береді. Ең бастысы, ауылшаруашылық саласы мен ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылып отыр. Өткен жылы төрт түлік мал басын көбейту және бордақылауына да берілген болатын. Сондай-ақ қымыз, саумалы, шұбат секілді бизнес көздерін дамытамын деген азаматтарға несие қарастырылды. – Негізінен, несие бес жылға дейін 6 пайызбен беріледі. Осы жылдың алғашқы 2 жыл өтеу мерзіміне дейін жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, алған қарызын 2 жылға дейін төлемей тек пайызын ғана өтеп, осы жылдан кейін қарызын төлеуіне болады. Мысалы, несиеге алған төрт түлігі биыл төлдеді дейік. Ал сол төлі араға жыл салып өзі де төл бере бастайды. Соның есебінен екі жылдан кейін қарызын өтеуіне мүмкіндік мол болатыны белгілі. Яғни, барлығы зерделеніп, есептелген.

 Тағы бір айта кететін жайт, несиені алушы азамат жеке кәсіпкер және шаруа қожалығы болуы керек

Сондай-ақ бизнесін жаңадан бастағалы жатқандарға да беріледі. Оған қойылатын талаптың бірі ол несие алғаннан соң бір жылдың ішінде кәсібін ары қарай кеңейте алуы қажет. Бұдан өзге кәсіпкерлік саласында 3 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатқан тұлғаларға да несие еш қиындықсыз рәсімделеді", - деді ол.

Оның айтуынша,  жұмыс жүйесінде "қағазбастылық" мәселесі мүлде жоқ екен.

"Яғни, көп құжатты қарамаймыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмейді. Мысалы, несие алушы азамат жеке кәсіпкерлігін ашып, мекен жай анықтамасын, кепілге қоятын нысанның құжаты алып келсе болғаны. Ал қоражайдың құжатын сұрамаймыз. Бірақ кейін өзіміздің маманымыз барып тексереді", - деді Айтбаев.

Фото -

Сондай-ақ, несие беру ұйымының өкілі кредит алу үшін қандай критерийлер болу керектігін түсіндірді.

"Егер азамат 1 жылға дейін өз кәсіпкерлігін ашатын немесе ашқан болатын болса, ол "Атамекен" палатасы арқылы білімін жетілдіріп, қолына оқыды деген сертификатын алуы шарт. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына жұмыссызбын деп тіркелу керек. Осыдан кейін барып қана біз микроқаржы ұйымына жібере аламыз. Онда оның өтініші қанағаттандырылмаса қаржылық қолдау орталықтарына жіберуімізге де болады. Несие серіктестігі арқылы қаржы алу уақыты ұзақтау болады. Себебі онда мүше болып кіріп, минималды жарнасын төлеу қажет. 

Бұл бойынша қаржыны өзінің ауданынан ала береді. Ол үшін Таразға келудің қажеті жоқ. "Атамекен" палатасының барлық аудандарда филиалдары бар

Егер де артық құжаттар сұрап жатса әрбір азамат "Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға" арналған Еңбек деген бағдарламасындағы арнайы ережеге сүйенуіне болады. Аталған бағдарламада қандай құжаттар керек екендігі қанша жылға, қанша пайызға берілетіндігі туралы толық ақпарат ала алады. Жалпы, бұл жағдай несие алушының тұратын жеріне байланысты. Егер қалалық жерде болса 70 пайызын қолына алуына мүмкіндігі бар. Мәселен, облыс орталығындағы азаматтың зайымы 10 миллион болса, ол осы сомманы ала алады. Ал ауылдық жерде болса, қаржының 60 пайызына қол жеткізеді. Өйткені, ауылдарда бір үйдің бағасы 2-3 миллион. Өз кезегінде 2-3 миллионға 60-70 қой келеді. Осы орайда, "ҚАЗ Аграр грант" деген компания несие алушыға 85 пайызға дейін өзінің кепілдемесін бере алады. Нәтижесінде, тұлғаның 3-5 миллионға дейін несие алуына болады. Былтыр 300 адам несие алса, 2017 жылы 200 адам несиеге қол жеткізді. Ал биыл 350 адамға дейін қамтысақ па деген жоспарымыз бар. Мысалы, 100 адам несие алатын болса, олар 300 жаңа жұмыс орнын ашады. Яғни, 100 адам 200 адамды жұмыспен қамтып отыр деген сөз", - деп түйіндеді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нің филиал директорының орынбасары.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить