710

KASE-де доллар курсы 384,02 теңгеге өсті

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша сауда өтіп жатыр.
Фотография - KASE-де доллар курсы 384,02 теңгеге өсті Көрнекі сурет

Қазақстандық қор биржасында шетел валюталары бойынша сауда өтіп жатыр. 11:00-дегі ақпарат бойынша доллар курсы 384,02 теңгені құрады, деп хабарлайды Today.kz.

Алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда доллар 0,4 теңге қосқан, 30 күн ішінде 0,98 теңгеге қымбаттаған. 

Қытай юані бойынша сауда жабылды. Орташа курс 55,76 теңгені құрады. Саудаға KASE-нің төрт мүшесі қатысты. 

Ресей рублі мен евро бойынша сауда аяқталған жоқ.