Жыл соңына дейін құны 1 трлн теңге болатын 206 индустриалдық жоба іске қосылады

Экономика
305
Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға, шамамен 19 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда құны бір триллион теңге болатын 206 индустриалдық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Today.kz. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы қаралды.

Пандемияның күрделі жағдайлары мен экономикадағы әлемдік құлдырауға қарамастан, 2020 жылдың 8 айында өңдеу өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты, өсім 3,3%-ды құрады. Биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 млрд теңгеге 206 жобаны іске қосу көзделген.

"Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға, шамамен 19 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Салалар бөлінісінде жобалардың негізгі бөлігі машина жасау (170 млрд теңгеге 19 жоба), ТКМК (190 млрд теңгеге 18 жоба), АӨК (195 млрд теңгеге 76 жоба), энергетикаға (126 млрд теңгеге 10 жоба) тиесілі", - де атап өтті Атамқұлов.

Биыл капиталды аса қажет ететін жобалар Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында іске асырылуда.

"Қалған өңірлер жобаларды іске асыруды жандандырсын. Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы жылға белгіленген барлық жобаларды іске асырып қана қоймай, Индустрияландыру картасы жобаларының пулын қосымша пысықтап, кеңейтуді тапсырды. Сонымен қатар барынша тұрақты ішкі және сыртқы сұранысы бар салаларды, оның ішінде жеңіл, азық-түлік және химия өнеркәсібін, машина жасау мен фармацевтиканы, кең ауқымды пайдаланылатын құрылыс материалдарын өндіруді қолдауға, сондай-ақ мұнай-химия және газ өңдеу салаларындағы технологиялық күрделі жобаларды қолдауға бар күш-жігерді жұмсау қажет.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить