Қытайлықтар Аспанасты елін әлемдік держава санаудан бас тартты

Фотография - Қытайлықтар Аспанасты елін әлемдік держава санаудан бас тартты

Қытайлықтардың 80 пайызы Қытайды әлемдік держава санаудан бас тартты. Олардың айтуынша, Аспанасты елі бұл атақты алу үшін әлі де болса қыруар шаруалар атқаруы тиіс

209 0

Қытайлықтардың 80 пайызы Қытайды әлемдік держава санаудан бас тартты. Олардың айтуынша, Аспанасты елі бұл атақты алу үшін әлі де болса қыруар шаруалар атқаруы тиіс.

«The Global Times» басылымы жасаған сауалнама мәліметтерін France-Presse агенттігі келтіріп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Сұралғандардың 82,3 пайызы осындай пікір білдірген. Респонденттердің 54 пайызы Қытай әлемдік держава атағын алудың сәл алдында тұр, деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы зерттеу барысында Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуына оң баға берген. Тағы бір жартысы Қытай мен Жапония арасында болуы мүмкін байланыстардың дамуына оң қабақ танытпайтындықтарын білдірген. «Қытай менің сүйікті елім» деп қытайлықтардың 57 пайызы жауап беріпті. Ал, сүйікті елдердің ішінде екінші орынға АҚШ мемлекеті кіріп отыр.

«Global Poll Center» орталығы интернет және телефон арқылы жүргізген сауалнамаға әр қаладан 15 және одан жоғары жас аралығындағы 1404 адам қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!