Анголада халық нөпірінен 10 адам көз жұмды

Фотография - Анголада халық нөпірінен 10 адам көз жұмды

Ангола Республикасындағы стадионның бірінде халық арасында қыспақ болып, 10 адам қаза тапты

165 0

Ангола Республикасындағы стадионның бірінде халық арасында қыспақ болып, 10 адам қаза тапты.

Құрбан болғандардың қатарында 4 бала болған. Ал 120 шақты тұрғын түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқыс оқиға ел астанасы Луанданың «Ситадела деспортива» стадионында діни рәсім кезінде болды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, халық саны 70 мыңнан асып, жоспарланған мөлшерден асып кеткен. Қазір зардап шеккендерге қажетті жәрдем көрсетілуде. Іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!