БҰҰ Кот-д’Ивуарға көмек көрсетуге ниет білдірді

Фотография - БҰҰ Кот-д’Ивуарға көмек көрсетуге ниет білдірді

Ұйым зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті

251 0

БҰҰ Кот-д'Ивуар мемлекетіне Абиджан орталық стадионында болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде өз тарапынан көмегін көрсетуге ниет білдірді.

Ұйым зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен үкімет басшысын көңіл айтты. Айта кетейік, таяуда Абиджан орталық стадионында жиналған 50 мыңға жуық нөпір халықтың аяқ астында 61 адамы опат болды. Ел тұрғындары Батыс Африка мемлекетінің құрылғанына ұйымдастырылған отшашуды тамашалауға келген. Қайғылы оқиғаға қатысты кеше президент Алассан Уаттара елде 3 күнге қаралы күн жариялады.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!