Путин Жерар Депардьеге Ресей Федерациясының азаматтығын берді

Фотография - Путин Жерар Депардьеге Ресей Федерациясының азаматтығын берді

 Бұл туралы Ресей Президентінің сайтында хабарланды

175 0

Владимир Путин Жерар Депардьені Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей Президентінің сайтында хабарланды.

«Ресей Федерациясы Конституциясының 89 бабы, «а» тармағына сәйкес 1948 жылы Францияда туған Депардье Жерар Ксавиенің Ресей Федерациясы азаматтығына қабылдау туралы өтінішін қанағаттандыруды бұйырамын» , - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, БАҚ Депардьенің Ресей, Черногория немесе Бельгия азаматы болу мүмкіндігін қарастырған. Депардьенің елінен кетуіне себеп болған 2013 жылы француз билігінің елде «байларға арналған салықты» енгізуі. Бұл жүйе бойынша 1 млн еуродан асатын жылдық табысқа 75-пайыздық ставка бойынша салық салынады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!